«Балақайлар мектебі» – баланың үлкен мектепке алғашқы қадамы! » № 54 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балақайлар мектебі» – баланың үлкен мектепке алғашқы қадамы!
14
август
2025

«Балақайлар мектебі» – баланың үлкен мектепке алғашқы қадамы!

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Балақайлар мектебі» бойынша ақпарат:
2025 жылы 04.08-29.08.2025 аралығында ұйымдастырылып отыр
«Балақайлар мектебі» – баланың үлкен мектепке алғашқы қадамы!
Мақсаты:
 Балаларды мектепке бейімдеу, оқуға деген қызығушылығын ояту және мектеп өмірімен таныстыру.
Бағдарламада:
 ✅ Танысу ойындары мен көңілді жаттығулар
 ✅ «Мен мектепте» атты тренинг
 ✅ Қолөнер мен шығармашылық сабақтар
 ✅ Нағыз сабаққа ұқсас шағын "сабақтар" – әр бала өзін оқушы ретінде сезінеді
 ✅ Сергіту сәттері мен танымдық викториналар
 ✅ Ата-аналарға арналған пайдалы кеңестер
 Мектебімізде бағдарлама шеңберінде 9 бала тәрбиеленеді деп жоспарлануда. Бүлдіршіндерге арналған сабақтар арнайы бекітілген стандарт бойынша жүргізіледі. Сабақ уақыты сағат 9:00 мен 11:15 аралығын қамтиды. Әр сабақтың ұзақтығы 25 минуттан аспайды. Ал сабақ кестесіне бүлдіршіндер үшін бірнеше маңызды пән енгізілген. Атап айтқанда, «Сауат ашу негіздері» мен «Математика негіздері» арқылы балалар әріп пен санды тануға, оқуға және санауға бейімделеді. «Сөйлеуді дамыту» сабағында балалар өз ойын анық жеткізуге, жаңа сөздер үйренуге, сөйлем құрауға дағдыланады. Қоршаған ортамен танысу арқылы табиғат, ауа райы, жануарлар мен өсімдіктер туралы бастапқы түсінік алады. Ең бірінші жеткіншіктерді жазуға дайындаймыз. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстырып, геометриялық фигуралардың, көкөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыруға, бояуға үйретіп, әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтай отырып баланың қолын икемділікке дағдылап аламыз. «Сауат ашу негіздері» бойынша сабақтар сабақ кестесіне сәйкес ойын, шығармашылық жұмыстар, педагогпен диалог арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлдіршіндердің сөйлеуін дамыту үшін әр бала жеке жауап бере алатындай түрлі сұрақтарды жиі қойып, олармен кез келген тақырыпта көбірек сөйлесуге барынша мүмкіндік жасаймыз. Сабақ барысында балалар сөздердегі жекелеген дыбыстарды, сөздегі бірінші дыбысты анықтауға, белгілі бір дыбысы бар сөздерді таңдауға, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратуға бейімделеді. Сонымен қатар, балалардың сөздік қорын байытып, қатарластарымен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ балалардың сөздік қорын байыту үшін заттарды, орындарды сипаттауға қосымша мағына беретін көптеген таныс және жаңа сөздерді қолданады. 
Әр бала – шағын қонақ, әр сәт – үлкен әсер!
 Оқу – қызық әрі шабытты сапар болсын!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив