29
сентябрь
2025
«Жасанды интеллект мүмкіндіктері»
2025 жылдың 29 қыркүйегінде бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Дилдабаева Назерке Канатовна «Жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.Семинар барысында жасанды интеллекттің білім беру саласында қолданылуы, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастырудағы артықшылықтары, сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы рөлі жан-жақты қарастырылды.
Қатысушыларға жасанды интеллект құралдарының мұғалім жұмысына көмекші болатын тәжірибелік мысалдары көрсетіліп, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Семинар соңында талқылау жүргізіліп, тыңдаушылар өз ойларымен бөлісіп, жасанды интеллекттің болашақтағы білім беру жүйесіндегі орны жайлы пікір алмасты.
видеоға сілтемеTikTok - Make Your Day