07
апрель
2017
Адал ұрпақ ерікті клубы
«№54 орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің тізімі жасалынды жұмыс жоспары құрылды. 5-11 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесін Бекбосынова М.Б. өткізді. 5-6-7 сынып оқушылары белсенді қатысып арнайы мадақтамалар берілді. «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас 9-11 сынып арасында Керей М.К. өткізді. Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізе алды. «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы Сырғабаев А.А. келіп балаларға өзінің жетістіктерін баян етті. Клубтың ерікті оқушылары жоспар бойынша белсенді жұмыс атқаруда.