Жол полиция көмекшілері
№54 орта мектебінде «Полицияның жас көмекшісі» жасағының апталығы өткізілді. «Сен жолда жүру ережелерін білесің бе?» акциясы бойынша әр сыныпта осы тақырыпқа іс шаралар өткізіледі\ 3-4 сынып оқушылары ерекше өткізгендігі үшін алғыс хатпен марапатталды.
«Жаяу жүретін адамдардың қатарына бағыштау»\құқық тәрбиесі бойынша 1-5 сынып оқушыларына мереке ұйымдастырылды. . «Менің досым-бағдаршам!»\сурет көрмесі\ өте қарқынды жүрді. Белсене қатысқан оқушылар марапатталды.«Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!» мектепте стенд көрмесін ұйымдастырдық. Жоғарғы сынып оқушылары белсене қатысып жеңімпаздар анықталды. 7-сынып оқушысы Дәуренқызы Дилназ, Жадик Анел, Мамыраемова Ақжүніс женімпаз атанды. «Біз құқықтарымызды білеміз!»
күндерін өткіздік. Дөңгелек үстел, спорттық ойындар жүргізілді. «Полицияның жас көмекшісі»жасағының отырысы
өткізілді.