Елсіз аралға барамыз.
№54 орта
мектебінде 4-сәуір күні «Елсіз аралға барамыз» атты ойын түрлері
ұйымдастырылды. 9-10 сынып оқушылары
қатысты. Ойын түрлері 4 турдан тұрды. Оқушыларға ақ қағаз бен қалам беріледі.
Берілген заттарды пайдалана отырып, әр оқушы өзі туралы мағлұмат немесе
сипаттама постер түрінде толтыру керек. Әр сыныпқа 5 минут уақыт
беріледі.Бірінші толтырған оқушы ортаға шығып өзі туралы айтып береді.Әр топ
ақылдасып,өздеріне ұнайтын өлеңді айту қажет.1-топ «Атамекен», 2-топ «Менімен
биле»,3-топ «Жаным қазақ»атты өлеңдері шырқалды.Ортаңғы үстелге жеребе
қойылады.Әр топтан бір оқушы шығып үстелдегі қағазды алады.Қағазда ұлттық
билердің түрлері жазылады.Топқа қандай би түссе,сол биді әдемілеп орындап беруі
керек.Берілген билердің түрлері: Үнді биі,қазақ биі,заманауи билер. Барлық
топтағы оқушылар ортаға шығыпшеңбер болып, би билеп айналып жүреді. Өлең ойналады.Өлең тоқталған кезде оқушыларға бір
сан айтылады.Сол сан арқылы оқушылар жиналады. Қалыс қалған оқушылар ойыннан
шығып отырады.Ойынның соңында бір
сыныптан қалған екі оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз 10сыныптың оқушылары.