"Ғажайыпқа толы жаңа жыл"
"Ғажайыпқа толы жаңа жыл". Жаңа жыл мерекесіне орай №54 орта мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - оқушыларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Мерекелік шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі сахналық көріністер көрсетті. Қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Мектеп директоры Б. Оразгельдинов құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.